3820

Елорданың жүйелі мәселелері 100 күнде шешіледі

iКомек 109 орталығы қалалық даму акселераторының іске қосылғанын жариялады. Оның көмегімен жүйелі мәселелерді жедел шешуге болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Алпысбаев қалалық даму акселераторы iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы базасында жұмыс істейтіндігін хабарлады. Жұмыс тобы жобаны идеядан түпкілікті іске асырады және жоспарланған нәтижеге дейін бақылауына алады.

«Бұл қала әкімдігінің барлық ведомстволарының мамандары мен сарапшыларынан тұратын бірыңғай алаң болады. Құрылым штаб іспетті. Басты ерекшелігі – кешенді ұсынысы бар әрбір тұрғын осы команданың мүшесі болу мүмкіндігіне ие. Штаб толығымен ашылды. Мұнда «Сынайсың ба? Шешімін ұсын!» қағидаты жұмыс істейді. Дәлірек айтқанда, шешімдер ашық түрде қабылданбағандықтан, қала өмірінде проблемалар туындайды», – деді А.Алпысбаев.

Сонымен қатар, iKomek 109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дубирова қалалық даму акселераторын зерттеу құралдарының бірі «нақты уақыт режимінде қаланың жүйелі мәселелері рейтингінің панелі» болып табылатынын хабарлады. Ол елорда тұрғындарының өтініштері негізінде құрылды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қалада кең тараған мәселелерге ашық люктер, қаңғыбас жануарлар, қоғамдық көлік жұмысы, денсаулық сақтау, су басу, көшелерді жарықтандыру және ПИК қызметі жатады.

«Азаматтармен кері байланыс нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен шағымдардың жүйелілігін көріп отырмыз. Сондықтан біз қала проблемаларының рейтингін құрдық. Бұл ретте мәселенің мағыздылығы төрт деңгейде қарастырылады: төмен, орташа, жоғары және өте жоғары. Бүгінгі таңда бұл рейтингте қаланың 48 жүйелік мәселесі бар. Қалалық даму акселераторын іске қосу аясында біз алғашқы сегіз проблемалы мәселені жұмысқа алдық. 100 күн ішінде қандай да бір идеяларды әзірлеу ғана емес, оны іс жүзінде іске асыру бағдарламаның ерекшелігі болып табылады», – деді Жаннат Дубирова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109