2622

Қалалық №2 балалар ауруханасының аумағына ағаштар егілді

Бүгін Халықаралық отбасы күніне орай елордада «Ана мен бала аллеясы» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Шара аясында қалалық №2 балалар ауруханасының аумағына ағаштар егіліп, беседкалар орнатылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акцияны қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды. 

«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл күні әр елдерде отбасы құндылығын насихаттау және қоғамдағы әйелдер мен балалардың проблемалары туралы хабарландыруды арттыру үшін түрлі шаралар мен акциялар өткізіледі. Отбасы арқасында мемлекеттіміз нығайып дамиды. Елдің хал-ахуалы артады. Сондықтан біз бұл мерекені ерекше, пайдалы істермен атап өткіміз келеді», –  деді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сарсембаева. 

Акция аясында шамамен 180 көшет егілді.

«Тәуелсіздік алғаннан бері Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан ана мен баланың денсаулығына назар аударды. Бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл акция «Ана мен бала аллеясы»  атауымен ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз, себебі балалар - біздің өміріміздің гүлі! Ағаш адамның өмірі мен рухани мәдениетін бейнелейді. Қала әкімдігі отбасының, ананың және баланың рөлін арттыруға бағытталған осындай бастамаларды қолдайды», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

«Ана мен бала» аллеялар мен саябақтар акциясын өткізу барысында ел өңірлерінде 20-дан астам жаңа  «Ана мен бала» аллеялары мен саябақтары құрылды. 7 мыңнан астам ағаш пен бұта, 10 000-ға жуық гүл егілді.          

                                                                                                                                                                           

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109