11311

Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласы заманауи өнердің орталығына айналады.

Қалада Astana Art Show халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елордада қала әкімі Бақыт Сұлтанов халықаралық Astana Art Show заманауи өнер фестивалінің кураторы Дина Байтасовамен, сондай-ақ, 2 маусым мен 10 тамыз аралығында өтетін Racing the Galaxy халықаралық көрмесінің кураторы Жером Санспен кездесті.

Бақыт Сұлтанов заманауи суретшілер форумын өткізуге жан-жақты көмек көрсететінін айтты.

Көрме екі алаңда – Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайларында өтеді. Ол 15 елдің 40-қа жуық суретшілерінің басын қосады.

Көрмені Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен TSE Art Destination заманауи өнер галереясы бірлесіп ұйымдастырады.

Қазіргі заманғы өнер фестивалі аясында «Бірінші байланыс» жастар көрмесі мен халықаралық Racing the Galaxy көрмесі өтеді.

«Бұл жоба екінші жыл жұмыс істеуде. Біздің басты мақсатымыз – қазіргі заманғы өнер көрсететін дарынды суретшілерді бір алаңда жинау. Astana art show-2019 барлық суретшілерге тән номадизм мен еркіндік рухын паш етеді», – деді Artios және TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова.

«Бірінші байланыс» жастар көрмесінде (2 маусымда басталып, 10 тамызға дейін жалғасады) қазақстандық 22 жас суретшінің жұмыстары ұсынылады. Халықаралық Racing the Galaxy көрмесінде танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстарын көруге болады. Racing the Galaxy көрмесі 4 шілдеде ашылып, 10 тамызға дейін жұмыс істейді.

Көрме аяқталғаннан кейін жұмыстардың басым бөлігі мұражайларға берілсе, ал арт-инсталляциялар мен мүсіндер қала көшелерінде орналастырылатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109