553

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтау керек

Құтқарушылар ата-аналарға балаларын терезеден құлау жағдайынан қалай сақтау керектігіне қатысты ұсыныстар берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде бірқатар ұсыныс берілді:

Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру кезінде орын алады.

Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыз.

Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.

Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз.

Бала терезені өз еркімен аша алмауы үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз.

Терезеге құлпы бар тұтқаны немесе  тарақ-бұғаттағышты орнатыңыз.

Егер Сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтылап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз. Алақаныңыз құрғақ болсын, баланы киімінен ұстамаңыз.

Егер бекіткіш және сақтандыру құралдарын орнату мүмкіндігі болмаса, бұранданы, тұтқаларды бұрауышпен бұраңыз, бұрауышты қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден алып тастай отырып, оларды жоғарыға қойыңыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109