868

Ботаникалық бақта WalktheTalk акциясы өтеді

Қоғамдық денсаулық басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын денсаулық құндылықтарын насихаттау акциясына шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-сессиясының қарсаңында Ботаникалық бақта «Сөзден іске/WalktheTalk» дәстүрлі акциясын ұйымдастырады. Іс-шара 17 мамырда сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.

Мақсаты – денсаулық құндылықтарын насихаттау.

Акцияға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, қала әкімі Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ еліміздің ең алғашқы Денсаулық елшілері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, Гиннес рекордтар кітабына рекорды 7 рет енген, әлемдегі ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен жалғыз адам Марат Жыланбаев қатысады.

Бағдарламада 3 және 5 шақырым қашықтыққа жүгіру, сондай-ақ, скандинавтық жүру бар.

Биыл 13 және 17 мамыр аралығында Еуропалық денсаулық сақтау апталығы атап өтілетінін айта кету керек. 25-тен астам елде халықтың денсаулығы туралы хабардар болуын арттыру үшін 70-ке жуық іс-шара өткізіледі. Әрбір күн әр түрлі тақырыптарға арналған. Олар: дене белсенділігін арттыру, салауатты қоршаған орта, дұрыс тамақтану, жастардың психикалық денсаулығы және т.б.

«Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын «Сөзден іске/ WalktheTalk» акциясына қатысуға шақырамыз», – деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109