2710

«Астана» ХК жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды

Астаналық хоккей мектебі 2014/2015 маусымда да үздік деп танылған болатын, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шайбалы хоккейден «Астана» командасы (А тобы) Өскеменде ақтық ойындарда жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Елордалық №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (№10 МБЖСМ) шәкірттері қорытынды кезеңде ешкімге есе жібермей, алтынға қол жеткізді. Өскемендік «Торпедо» командасы күміс медальмен екінші орынға тұрақтады. Ал, астаналық «Барыс» шайбалы хоккейден ел чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

«Айта кетейік, 2018/2019 маусымда №10 МБЖСМ хоккейшілері 28 кездесу өткізді, оның тек біреуінде жеңіліс тапқан. Команда 75 ұпай жинап, 188 шайбаны қарсыластар қақпасына дөп кіргізген. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары үздіктер қатарынан да табылды. Шабуылдаушылар ішінде елордалық команда капитаны Темірлан Китаров көш бастады. Ол гол+пас жүйесі бойынша 58 (25+33) ұпай жинады. Ал, қорғаушылар арасында №10 МБЖСМ өкілі Дмитрий Бреус 49 (24+25) ұпаймен бірінші орын алды», деп мәлімдеді мәдениет және спорт басқармасында.

Астаналық хоккей мектебінің бұдан өзге де жетістіктері бар. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Хоккей мектебі 2014/2015 маусымда да үздік деп танылған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109