2235

Бақыт Сұлтанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Елорда әкімі кабинетінде көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елорда әкімдігіне 70-ке жуық қала тұрғыны жиналды. Олардың бәріне қала әкіміне өздерін алаңдатқан сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Көпбалалы аналар әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты сұрақтарды қойды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға 1 млн. теңге бөлу немесе тұрғын үй бағдарламалары бойынша алдын-ала төлемді жою, сондай-ақ, «Баспана» бағдарламасы аясында тұрғын үй несиесіне пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы талаптар қойылды. Кездесуде көпбалалы аналарға бірқатар тұрғын үй бағдарламалары бойынша алдын-ала төлем 20-дан 10 пайызға дейін қысқартылғаны айтылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер, педагогтар мен полиция қызметкерлері миллион теңге ала алады, олар үшін елордада арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленді.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысқан жалпы жиналыстан кейін өз сұрақтарын қойып үлгермеген барлық ана қала әкімінің жеке қабылдауында болды. Елорда әкімдігі диалог үшін ашық алаңға айналды.

Бақыт Сұлтанов қабылдауға жазылғандардың барлығын қабылдады. Елорда тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнар Тоқтар екі мәселемен келген. Біріншісі – тұрғын үй мәселесін шешу. Ол тұрғын үй кезегінде 5065 болып тұр. Екіншісі – мүгедек баланы емдеуге тасымалдау үшін көлік мәселесін шешу.

«Тұрғын үй кезегінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтар, соның ішінде көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүгедектер бар.  Осы жылдың соңына дейін елордада 2 мыңға жуық пәтер беріледі. Біз кезектен тыс тұрғын үймен қамтамасыз ете алмаймыз - біздің құқығымыз жоқ, бұл заңсыз шешім», – деді әкім.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов науқас баланы көлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешті.

Көпбалалы аналардың әр мәселесі бойынша кеңес беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді, қаралып жатқан мәселелер бойынша нақты нұсқаулар берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109