Бүгін Ботаникалық бақта Walk the talk сауықтыру акциясы өтеді
Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Акция денсаулық құндылығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық денсаулық сақтау орталығы ретіндегі рөлінің маңыздылығын паш ету мақсатында өткізіледі. Бірінші спорттық-сауықтыру іс-шарасы 2018 жылы өткен еді. ДДҰ және серіктестер ағымдағы жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 72-ші сессиясы аясында спорттық іс-шараны қайта ұйымдастыруды шешті», – деді қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының профилактикалық бағдарламалар және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар бөлімінің бастығы Наталья Протченко.
Іс-шараның негізгі мақсаты – денсаулықты нығайту және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін дене белсенділігін насихаттау.
«Іс-шараға қатысушылар өз денсаулығы үшін қаншалықты жауапкершілікті екенін және физикалық белсенділікке бейімділігін көрсетеді. Оның аясында жалпы тәжірибе дәрігерлерінің салауатты өмір салтын енгізу мәселелері бойынша флешмоб және қабылдаулар жүргізіледі. Сондай-ақ, қатысушылар қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін жедел талдау әдісі арқылы біле алады», – деп атап өтті Н.Протченко.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz