907

Елордада Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласы салынды

Нұр-Сұлтан қаласының əкiмi Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты Elorda Aqparat-қа сілтеме жасап.  

«Бүгiнгi күн қаламыздың тарихында есте қалады деп есептеймiн. Біз Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда орталықтары қауымдастығының тағы бір нүктесін құру жөніндегі ұзақ жылғы келіссөздерді іске асырудың негiзгi кезеңіне көштік. Бұрынғы ЭКСПО аумағында, ал қазір белсенді дамып келе жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдік брендтерді, трансұлттық корпорацияларды, инвестицияларды тартудың тағы бір нүктесін құрудамыз. Мен баршаңызды бүгінгі іс-шарамен шын жүректен құттықтағым келеді. Жобамыздың жүзеге асуына тілектеспін және ендiгi жиынды 350 метр биiкте ɵткiзейiк», - деді Сұлтанов.

Ɵз кезегiнде «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік Инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар бұл əлемнiң 90 елi ұсынған әлемдегі ең ірі сауда қауымдастықтарының бірі екенін атап өтті. 

«Дүниежүзiлiк сауда орталығының басты мақсаты жаңадан сауда жəне инвестиция жолдарын құру. Нұр-Сұлтан қаласымен бiрлесе отырып осындай игiлiктi iске қол жеткiзуге болатынына қуаныштымыз. Бұл жаңа жұмыс орнын құру, жаңадан инвестиция, технологиялар тарту мүмкiндiгi. Біз болашақта жобаның дамуын асыға күтеміз», - деді Мехран Эфтехар. 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бас қаламыздағы Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жобасы таныстырылған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109