2911

Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті

Қазақстан елордасына Астана экономикалық форумына (АЭФ) қатысуға келген Таллин мэрі Михаил Қылвартпен Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов кездесті.

Бақыт Сұлтанов екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік жағдайында дамып келе жатқанын атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз басқа қалалардың жүз жылда жеткен белестерін 20 жыл ішінде бағындырдық. Даму тәжірибесі бар, енді бізге сапалы өсу қажет. Осы мақсатта біз экономика, туризмді дамыту, өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау тұрғысынан шеберлік жоспарын әзірлеп жатырмыз», – деді қала әкімі.

Кездесу аясында Бақыт Сұлтанов өзара іс-қимылдың бағдарламалық құжатын жасауды, екі елорданың ынтымақтастығын тереңдетуді ұсынды.

Өз кезегінде Таллин мэрі Михаил Кылварт қала Қазақстан астанасы ғана емес, сондай-ақ аймақтың экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналуы мүмкін екендігін атап өтті.

«Сондықтан да екі қала мен екі астананың арасындағы ынтымақтастыққа баса назар аударғым келеді», – деді ол.

Қос тарап алдағы уақытта көлік және қалалық инфрақұрылымды дамыту, медициналық туризм және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109