6838

Мыңға жуық жас «Жасыл ел» жобасы бойынша жұмысқа орналасады

Бүгін елорда студенттерінен құралған құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жазғы кезеңде жастар үшін жұмыс орындарын ұсыну жөнінде 10 ұйыммен келісімге қол қойылды. Олардың қатарында «Астана орманы», «Астана көгалдандыру құрылыс» ЖШС, бірқатар құрылыс компаниясы мен білім беру мекемесі бар. Қалаға бөлінген квотаға сәйкес 975 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Еске салайық, «Жасыл ел» бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша республиканың барлық өңірінде 2005 жылдан бері жүзеге асырылуда. 14 жылдың ішінде елордалық «Жасыл ел» штабы астананы көгалдандыру жұмыстарына, 14 және 29 жас аралығындағы азаматтарды жұмыспен қамти отырып, жастарды әлеуметтендіру ісіне елеулі үлес қосып келеді.

«Жасыл ел» штабы бар республика бойынша өз қамқорлығындағыларды табысты жұмысқа орналастыруда. Жастардың еңбек ұйымдарының қатарына қосылғысы келетін белсенділердің саны жыл сайын артып келеді. Бұдан бөлек, «Жасыл ел» еңбек жасақтарында жазғы кезеңде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарды, сондай-ақ ювеналды полицияның есебінде тұрған 14 жасқа толған жасөспірімдерді жұмыспен қамтамасыз ету қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109