6790

Елорда тұрғындары мен қонақтарын мұражайдағы түнге шақырады

Бүгін Халықаралық музейлер күні «Астана жастары» ресурстық орталығы қала тұрғындары мен қонақтарын «Мұражайдағы түнді» ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде қарсы алуға шақырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлемнің 150 мемлекетінде өткізілетін мәдени-ағартушылық «Мұражайдағы түн» акциясы адамдарға музейге әдеттегіден тыс уақытта келуге мүмкіндік береді.

ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейіндегі шара сағат 18:00-де басталып, сағат 22:00-ге жалғасады.

Жоба бағдарламасында «Тарихта өз атыңды қалдыр» акциясы (жәдігерлерді музей қорына табыстау); әскери-тарихи музейдің залдарына саяхат (викториналар), әскери-далалық почта пунктінің жұмысы (1941-1945 жж. майданға қатысқан жақындарына хат жазу) бар.

Ал сағат 19:00-де  Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық Ансамблінің эстрадалық концерті; садақ, зергерлік бұйымдар жасаудан шеберлік сағаттары, әскери техникалардың модельдерін көрсету шарасы басталады.

               

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109