6805

Оқушылар сарайында виртуалды орталық ашылды

Енді елордалық балалар Оқушылар сарайында тек үйірмелерге қатысып қана қоймай, ондағы ақпараттық-виртуалды орталықтың қызметімен де таныса алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты Elorda Aqparat-қа сілтеме жасап.  

«Жас буынға қызықты болатын жаңа зал туралы бастама осыдан бір жылдай бұрын көтерілген еді. Жоспарымыз пісіп-жетілген соң, екі-үш айдың ішінде әртүрлі мекемелерден Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қатысты мәліметтер сұрастырып, залдың мазмұнын жасап шықтық», – дейді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Залдың ерекшелігі сол, мұнда кірген балалар телефонға жүктелген мобильді қосымшаның немесе виртуалды көзілдіріктің көмегімен «Мәңгілік ел», «Абай әлемі», «Қазақстанның киелі жерлері», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Елбасы тұлғасы» секілді тақырыптық бұрыштарда көрсетілген ақпаратты 3D кеңістігінде тамашалайды.

«Менің мамандығым» сияқты бөлімі де бар. Мысалы көзілдірікті киіп Нұр-Сұлтан әуежайын, ондағы күту залын, терминалдан бастап, ұшып-қону жолағына дейін «аралап», әуежай қызметкерлерінің жұмысын ішінен зерттеуге болады. Бұдан бөлек, телекоммуникация, электр энергиясы, құрылыс, музей, білім беру салалары өкілдерінің де ісімен танысу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бүгінде Оқушылар сарайында 120 шақты үйірме жұмыс істейді. Оған 10 мыңнан аса астаналық бала келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109