1016

Елордада үздік педагогтарды таңдайды

20 мамырда республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының қалалық кезеңі басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың ұйымдастырушылары педагогтардың 80-нен астам шығармашылық жұмыстарын қабылдады, нәтижесінде финалға 33 қатысушы өтті.

Елорданың мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік педагог 20 мамырда сағат 15:00-де таңдалады. Сондай-ақ, 21 мамырда сағат 10:00-де жалпы орта білім беру саласындағы үздік педагог анықталады. 22 мамырда сағат 10:00-де техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздік педагог, ал сағат 15:00-де қосымша білім беру саласындағы үздік педагогтың есімі белгілі болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 млн теңгені құрайды.

Білім басқармасының баспасөз қызметінде атап өткендей, байқауды өткізудің мақсаты – шығармашылыққа бейім, интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты педагогтарды анықтау.

Байқау Б.Момышұлы, 5 мекенжайы бойынша Оқушылар сарайында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109