1145

Әкімдікте қауіпсіздік, апатты жағдайдағы қоқыс орындары мен проблемалық үйлерге қатысты мәселелер талқыланды

Бүгін Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан әкімдігінің кезекті отырысы өтті, онда қала тыныс-тіршілігінің маңызды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Белгінбеген жердегі қоқыс орындарын жою туралы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Мұса Танабаев баяндады.

М.Танабаевтың айтуынша, қала аумағында 185 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орын анықталды (Алматы – 44, Байқоңыр – 50, Есіл – 54, Сарыарқа – 37), 122-сі жойылды (Алматы – 16, Байқоңыр – 46, Есіл – 23, Сарыарқа – 37), 63-і жою барысында (Алматы – 28, Байқоңыр – 4, Есіл – 31).

Сұлтанов рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау бағытында заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде жалғастырып,аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімі өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстарды жинау орындарын ұйымдастыру, жаңа қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуына жол бермеу, «Сергек» зияткерлік бақылау жүйесі камераларымен қала аумағын барынша толық қамту, талдау және болжау жұмыстарын жалғастыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Аралық есеп айына бір рет.

Одан әрі аудан әкімдері ең көп өтініштер келіп түсетін проблемалық үйлер туралы баяндады.

2018 жылдың 18 маусымынан бастап 2019 жылдың 16 мамырына дейін 109 қызметіне ПИК мәселелері бойынша 27 288 өтініш келіп түсті. Олардың 21 185-і шешілді, 205-і қарастырылуда.

«Бұрынғыдай, көппәтерлі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау (12 000 өтініш), жылумен жабдықтау (4 500), электрмен жабдықтау (4000) мәселелері шешілуде», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек.

Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов жылыту маусымы басталғанға дейін 134 проблемалы (иесіз) тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымдарды құру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітуді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109