448

Бас қалада дератизация және дезинсекция жұмыстары жалғасуда

Аудандық әкімдіктер 20 сәуірде ашық стациялар мен таяз су айдындарында дезинсекция жұмыстарын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтың Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен отырыста берген ақпаратына қарағанда, бүгінгі таңда су айдындарын өңдеудің 1-ші кезеңі аяқталып, жалпы ауданы 8 914,5 га ашық стация өңделген.

Қазіргі уақытта дезинсекцияның 2-ші кезеңін сапалы өткізу үшін қала аумағына энтомологиялық зерттеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, масалардың көбею орындарының бірі арамшөп (қамыс және т.б.) болып табылады. Олардың жалпы көлемі 1945 га құрайды. Өткен жылы оның 630 га шабылса, ағымдағы жылы 1315 га шабу жұмыстары жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, елорданың көппәтерлі тұрғын үйлерінде дератизация және дезинсекция жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері 9958-ден астам жеке үй мен 230 га ашық стансыға  дезинсекция жұмыстарын жүргізді», – деді Е.Каналимов.

Қалада барлығы 2741 КПТҮ және 488 қызмет көрсету ұйымдары орналасқан.

17 мамырдағы жағдай бойынша, 439 ПИК (2242 КПТҮ немесе 81,8%) дератизацияға шарт жасады, 391 ПИК (1414 КПТҮ немесе 51,6%) өңделді.

Дезинсекцияға 403 ПИК (2098 КПТҮ немесе 76,5%) шарт жасасты, 171 КПТҮ (840 КПТҮ немесе 30,6%) өңделді.

Қала аумағын дератизациялау және дезинсекциялау жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов бірқатар тапсырма берді.

Аудан әкімдіктеріне Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп, дезинсекциялық жұмыстар аясында орамішілік және таяз су қоймаларын қажетті шаралармен қамтамасыз ету тапсырылды.

Әкімнің айтуынша, күнделікті есеп беру арқылы аталған іс-шаралардың үйлестірілуін бақылау күшейтілуі тиіс.

«Таяз су айдындарында дезинсекциялық іс-шаралар тиімсіз болған жағдайда орындаушы ұйымдарды өз есебінен қайта өңдеу жүргізуге міндеттеу қажет», – деп түйіндеді Б.Сұлтанов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109