662

Белсенді тұрғындар қала әкімдігімен бірлесіп, қаланы жақсартуға өз үлесін қоса алады

Қалалық акселератор – бұл 100 күн ішінде жүйелі және стратегиялық мәселелер шешімдерін іздеу және іске асыру аясында әкімнің және әкім орынбасарларының жетекшілігімен әкімдік қызметкерлері, сыртқы сарапшылар, белсенді тұрғындар өзара жұмыс жасайтын ортақ алаң, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше қалалық акселератор аясында ашық құдықтар, қаңғыбас жануарлар, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мәселелері, су басу, қарды/қатқан мұзды тазалау, көше жарығы, ПИК қызметі сияқты қаладағы 8 түйткілді шешу жоспарланған.

Түйткілдер тізімі тұрғындардың iKOMEK109 орталығына жолдаған өтініштері рейтингісі негізінде әзірленеді.

«Біз тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға, қалалық акселератордың жұмыс жиындарына қатысуға, жоғарыдағы 8 жүйелі түйткіл бойынша ұсыныстар мен идеяларды ортаға салуға шақырамыз. Аaccelerator@ikomekastana.kz электрондық мекенжайына өз түйіндемеңіз бен жұмыс тобына қосу туралы ілеспе хатыңызды жолдаңыз.

Алғашқы жиын 27 мамырда өтеді. Толығырақ ақпаратты + 7 771 103 30 33 телефоны бойынша алуға болады», – деп хабарлады қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығынан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109