590

Ел астанасында заңсыз жарнамалық баннерлер мен маңдайшалар алынуда

Нұр-Сұлтан қаласында «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты жалпықалалық акция өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов жыл басынан қалада 800-ге жуық заңсыз жарнама нысанының алынғанын айтты.

«Қазір әр аудан бойынша жұмыс тобын құрдық. Арнайы график бекітіп, әр күні әр ауданда заңсыз жарнамаларды алуды бастадық.

Жалпы қалада «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы жүріп жатыр.  Шара аясында 250-ден аса нысанда заңдық консультация берілді. Жақында ғана Тәуелсіздік даңғылы бойында 200 метрден асатын билбордты алдырып тастадық. Жыл басынан жұмыс топтары «Алматы» ауданында 137, «Байқоныр» ауданында 400-ден аса, «Есіл» ауданында 15, «Сарыарқа» ауданында 247 заңсыз жарнама алынып тасталды. Жұмыстар жалғасып жатыр». 

Осы ретте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктеріне және тиісті құрылымдарға жоғарыда аталған жұмысты күшейтуді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109