1490

Дәрігерлер екі жол-көлік апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Өткен жексенбіде орын алған жол-көлік апаттарының салдарынан 17 адам зардап шекті, бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«19 мамырда Астрахан тасжолында жол-көлік апаты болды, нәтижесінде 11 адам зардап шекті. Олардың төртеуі – бала, жетеуі ересек адам. Оқиға болған жерде жедел жәрдемнің алты бригадасы жұмыс істеді. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді. Қарау шараларынан кейін төртеуі ауруханаға жатқызылды. Олардың үшеуі – ересек адам, біреуі – бала», – деп мәлімдеді бүгін әкімдікте өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, қалған зардап шеккендерді мамандар толық қарап шығып, бірінші көмек көрсетіп, амбулаторлық ем тағайындады.

«Қазір бізде стационарлық емді төрт науқас алып жатыр. Үш ересек адам травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында. Барлық үш науқастың жағдайы тұрақты, біреуі жансақтау бөлімінде ауыр халде. Бірақ  оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Екеуі бөлімшелерде жатыр. Ал бір бала №2 балалар ауруханасында, жағдайы орта ауыр дәрежеде, тұрақты. Жарақаттар әртүрлі. Жансақтау бөліміндегі науқас жас адам. Оның көз жарақаты бар», – деді ол.

Барлық зардап шегушілер 19  мамырда сағат 16:05 шамасында Н.Тілендиев  даңғылы бойында жүк көлігімен қақтығысқан микроавтобустың жолаушылары болған.

«Гүлжан» СҮ маңында орын алған екінші жол-көлік апатынан, астаналық дәрігерлердің мәліметі бойынша 6 адам зардап шекті.

«Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, нәтижесінде біреуі газет сататын дүңгіршекке кіріп кетті. Айналасында адамдар болған. Оқиға орын алған жерде қала тұрғыны 1967 жылы туған әйел адам қайтыс болды. Ол өте ауыр жарақаттардың салдарынан бірден көз жұмды. Қалған зардап шегушілер қалалық ауруханаларға жеткізілді. Төртеуін дәрігерлер қарап, амбулаторлық емге үйлеріне жіберілді, біреуі №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты, жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Зардап шегушілердің барлығы – ересек адамдар, балалар жоқ», - деді Әлия Рүстемова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109