1427

Шілдеде Жаңқош Тұраровтың үзілістен кейінгі алғашқы жекпе жегі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 6 шілде күні «Барыс аренада» қазақстандық және шетелдік боксшылардың қатысуымен өтетін бокс кешінде 1 жарым жыл үзілістен кейін Жаңқош Тұраров рингке шығады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты ortcom.kz-ке сілтеме жасап. 

«1 жарым жыл бокстаспадым. Дегенмен жаттығу жұмыстарын үзген жоқпын. Өз бабымдамын десем болады. Өмірімді боксқа арнаған адаммын. Спортты 13 жасымнан бастағанмын. Алдағы уақытта әлемдік белбеулерге ие боламыз деген ниеттеміз», - деді ол.

Айта кетсек, Жаңқош Тұраров 2017 жылы 9 қыркүйекте өткен соңғы кездесуінде қолынан жарақат алып, шаршы алаңнан алыстап қалған болатын.

Бокс кешіне дайындығы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтып берді.

«Дайындық тамаша жүріп жатыр. 6 шілдеге дейін әлі де уақыт бар. Оған дейін 1 маусым күні Англияда бір рет рейтингтік кездесу өткіземіз», - деді ол.

Сонымен қатар, әлемдегі ең ірі спорттан хабар таратушы ESPN бұл оқиғаны АҚШ-тағы, Канададағы және Пуэрто-Рико 100 миллионнан астам жазылушысына трансляция жасайды, сондай-ақ iFL TV бұл оқиғаның қалған әлемдегі көрермендерге көрсетілімін қамтамасыз ету үшін трансляция жүргізетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109