789

Елордада жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашыл, дарынды педагогтарды анықтау үшін өткізіліп келеді.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы қазылар алқасына «Менің педагогикалық ұстанымым» атты презентация ұсынды, сондай-ақ педагогикалық жағдайды шешу жолдарын тапты.

Байқау қорытындысына сәйкес, бас жүлдені №8 «Думан» балабақшасының тәрбиешісі Әсия Жұмағұлова алды. Бірінші орынды №81 «Әсемгүл» балабақшасының тәрбиешісі Жанагүл Аймуханова, екінші орынды №11 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі Аманжол Нағашыбай иеленді. Үшінші орынға №33 балабақша тәрбиешісі Салтанат Аршкенова ие болды.

Сонымен қатар, «Зерттеуші педагог» номинациясы бойынша №28 «Жұлдыз» ясли-бақшасының тәрбиешісі Элмира Ратқул, №46 «Самал» ясли-бақшасының тәрбиешісі Роза Таласова «Жаңашыл педагог», №47 «Ақ желкен» ясли-бақшасының тәрбиешісі Ләззат Базарова, №85 «Мейіржан» ясли-бақшасының тәрбиешісі Гүлмира Абенова «Эрудит-педагог»  аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім басқармасының дипломдар, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақылар табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109