2902

Әлемнің үздік садақшылары елордада бас қосады

Nur-Sultan Ethno Fest фестивалі аясында елордада «Алтын жебе» атты садақ атудан І Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатқа әлемнің 20 елінен ең мықты садақшылар қатысады. Жарыс «Азия стилі», «Түрік стилі» және «Жамбы ату» ережелері бойынша өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары 1 маусымда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін, сондай-ақ 2 маусымда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін және 15:30-дан 18:30-ға дейін садақшылардың өнерін тамашалай алады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сол күні сағат 19:00-де өтеді.

«31 мамырдан 2 маусымға дейін елордада алғаш рет Nur-Sultan Ethno Fest этномәдени мерекесі өтеді. «Хан-Шатыр» СОО жанындағы алаңда киіз үйлер тігіліпі, жылқы мен құстардың көрмесі өтеді. Келушілер өздерін қыш өнерінде сынай алады. Этноауыл келушілер үшін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ашық болады», – делінген елорданың мәдениет және спорт басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар, 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Nur-Sultan Ethno Fest аумағында балалар аттракциондары жұмыс істейтін болады. Фестивальдің кішкентай қонақтары астаналық қуыршақтар театрының үздік қойылымдарын тегін тамашалап, ат үстінде серуендеп, асық пен лянгада ойнап, отбасылық эстафетаға қатыса алады.

Nur-Sultan Ethno Fest фестивалінің ресми ашылуы 31 мамырда сағат 19:00-де өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109