11308

Елордада қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы іске қосылды

Жаңа сервис қалалық ортаны жақсарту, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында құрылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы «Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында енгізілді.

Карта – бұл сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсету және бақылау, шағымдар, пікірлер жинау және ақпаратты талдау үшін жалпы қолжетімді сервис.

«Егер жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, немесе керісінше, жол қанағаттанғысыз жағдайда және жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілмесе, азаматтар интерактивті карта сайтына кіре алады (www.publicbudget.kz). Қала картасынан нысанды тауып, тиісті пікір қалдыруы қажет. Хабарламаларды жедел шаралар қабылданатын жоба қызметкерлері қадағалайды», – деді қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек

Оның айтуынша, ресурста бөлінген қаражат пен жұмыстарды жүргізу барысы туралы мәліметтер жинақталған.

«Осылайша біз Азаматтық бақылау институтын күшейтіп, елорда тұрғындарының қалалық процестерге тартылу көрсеткішін арттырғымыз келеді», – деп атап өтті А.Тұрлыбек.

Картада жолдарды жөндеу және салу жөніндегі деректер ғана емес, мектептер, емханалар сияқты барлық әлеуметтік нысандарға бөлінген бюджеттік қаражат жөнінде мәліметтер көрсетілген.

Елорда тұрғындары қандай да бір объектінің қызметіне қатысты кез келген сипаттағы өтінішті қалдыра алады. Бұл мектептерде іріктеуге қатысты сауалдар, емханада медициналық қызмет көрсетудің сапасы немесе мемлекеттік органға шағым болуы мүмкін.

Практикалық сервис көмегімен елорда тұрғындары қалалық ортаны жақсарту бойынша шағымдар мен ұсыныстарды қалдыра алады, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асыра алады. Өз пікірлеріңізді www.publicbudget.kz сайтында қалдыра аласыздар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109