1171

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың шомылуына арналған орындар анықталды

Құтқарушылар шомылу маусымына дайын, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, қала аймағындағы барлық 15 су қоймасы тексерілді. Тек үшеуі ғана жүзуге жарамды деп танылды, қалғандары өмірге қауіпті.

Қаланың ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Эльдор Раимбековтың мәліметі бойынша Нұра-Есіл арнасы, Есіл өзенінің ағыны, сонымен қатар Ақбұлақ және Сарыбұлақ  өзендерінің ағыны жүзуге жарамсыз болып табылады. Қаладағы су бұрқақтары да жүзуге арналмаған.

Редиссон қонақ үйінің маңындағы орталық қалалық жағажайда, сонымен қатар «Три пескаря» және «Күйген Жар» демалыс орындарында ғана шомылуға рұқсат етілген.

«Рұқсат етілмеген жерлерге біз тыйым белгілерін, ақпараттық стендтер орнатамыз. Статистика бойынша бізде қайғылы жағдайлар дәл осы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде тіркеледі», - деді Эльдор Раимбеков.

Балалардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлардың санын азайту  үшін жазғы демалыстың алдында қаланың барлық мектептерінде құтқарушылар жаттығу-сабақтар мен дәрістер өткізеді.

«Тек қана рұқсат етілген орындарда жүзіңізді, су қоймаларының жанында балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды, су қоймаларының маңында демалған кезде спирттік ішімдіктерді қолданбауыңызды, сонымен қатар, балықшылардан балық аулау кезінде құтқару жилетін киюлерін сұраймыз», – деп қорытындылады Э.Раимбеков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109