1334

Бас қалада жылдың үздік ұстазының есімі белгілі болды

Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында «Үздік педагог-2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқау талантты педагогтарды анықтау мақсатында өткізіліп келеді. Іріктеу турларының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен тоғыз қатысушы «Менің педагогикалық ұстанымым» кезеңі бойынша өзін-өзі таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі Гул Муаммер алды. Бірінші орынды №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ернұр Омарханов, екінші орынды № 70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Бейсенбина иеленді. Үшінші орынды № 62 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Алма Тұрғамбекова және дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің физика пәні мұғалімі Данияр Измаилов еншіледі.

Сонымен қатар, №4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Сейдахметова «Педагог-зерттеуші», № 6 гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Любовь Кан «Жаңашыл педагог», № 68 мектеп-гимназияның тарих мұғалімі Нағашыберген Карбоз «Эрудит-педагог», № 68 мектеп-гимназияның тарих мұғалімі Құралай Жауке «Педагог-әдіскер» номинацияларында жеңімпаз атанды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдары, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109