640

Ел астанасының мәдениет қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті

«Жастар» театрында елорданың мәдени өміріне атсалысып жүрген үздік қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Шара барысында Мемлекеттік филармония, Астаналық цирк, «Наз» мемлекеттік би театры, Қуыршақ театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театрының әртістеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллин музейі, «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешені, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешені, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, «Жастар» сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бәйтерек» монументі, Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция қызметкерлері лайықты наградаларын алды.

Қазіргі кезде елордада 67 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, оның 20-сы – кітапхана, 7-і – сарай, 5-і –  музей, 8-і – театр, 8-і – кинотеатр, 4-і – галерея, 1-і – цирк, 3-і – концерт ұйымы және 8-і – саябақ. Бұдан басқа, 46 тарихи және мәдени ескерткіш бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109