2763

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру 10 маусымда басталады

Білім басқармасы жаңартылған www.e.astana.kz жүйесін таныстырды, жүйе елорда бойынша балабақшаға кезекке тұру және жолдама алу қызметтерін атқарады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Білім басқармасының басшысы жүйенің 2017 жылдан бастап толығымен автоматтандырылғанын, 70 мыңнан астам ата-анаға қызмет көрсетілгенін мәлім етті. Жүйені пайдалану барысында ата-аналар тарапынан біршама ұсыныстар мен сын пікірлер келіп түсіп, олардың негізінде жүйе жаңартылған. Әнуар Жангозиннің айтуынша, баланы балабақша кезегіне қою үшін ЭЦҚ-ны пайдалану міндетті емес. Мұны енді  ұялы телефон арқылы жүзеге асыруға болады.

Екінші жаңашылдық – ата-аналардың таңдау жасауына мүмкіндік беретін мекеме паспорты, оның орналасқан жері, бос орындар саны туралы ақпарат,  суреттері және басқа да мәліметтер.

Үшіншіден, әр ата-ана өзіне ұнайтын не болмаса сәйкес келетін балапқшаны таңдап, ол туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы ала алады. Дәлірек айтқанда, таңдаған балабақшада бос орын пайда болған кезде, поштаңызға хабарлама келіп түседі. Сондықтан ата-аналар енді компьютер алдында тәулік бойы отырмай, хабарлама түскен кезде жүйеге кіретін болады.

«Ата-аналар үшін, бірінші кезекте, ашықтық мәселесі орын алады. Сондықтан жүйеде осы мәселе бойынша да өзгерістер енгізілді. Біріншіден, бұл ашық орналасқан хаттамалар тізбегі. Ата-аналар кезекте тұрған және жолдама берілген қызметтердің есебін бақылай алады. Екіншіден, жүйеде сіздің жеңілдік санатыңыз автоматты түрде анықталады. Үшіншіден, блокчейн технологиясының қолданылады. Ол белгілі бір кедергілерді анықтауға мүмкіндік береді», – деді Ануар Жангозин..

Оның сөзінше, жүйенің артықшылығы оның тәулік бойы жұмыс істейтіндігі және үздіксіз процесті жүргізіп, үміткерлер арасында бос орындарды бөлу болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардан бос орындар бойынша ақпарат жүйеге жіберіліп, соған сәйкес жүйеде бос орындары бар мекемелер тізімі жүктеледі. Бос орын кезекте бірінші тұрған өтініш иесіне беріледі, балабақшаға таңдауға оған 3 жұмыс күні беріледі. Содан соң 4-ші күні егер өтініш иесі орынды алмаса, орын кезекте тұрған барлық ата-аналарға қолжетімді болады.

Жаңартылған жүйе ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап іске қосылатын болады. Сол уақытта жүйеге 17 мың бос орын енгізіледі. Олардың 14 мыңы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалард, тағы 3 мыңы шағын-орталықтар негізінде.

Бос орындарды енгізу тәртібі баланың туылған жылына байланысты жарияланады. Мысалы, 10 маусымда –  2016 және 2017 жылғы балалар, 14 маусымда – 2015 жылғы балалар, ал 19 маусымда – 2013 және 2014 жылы туған балалар енгізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109