639

Елордада қаңтар-сәуір айларында 72 баланың құқығы қорғалған

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қалалық комиссияның талдауы отбасылық ынтымақ, отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналардың мәртебесін көтеру және балалардың тәрбиесі мен дамуындағы рөлін арттыру қажеттігін көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Биылғы төрт ай ішінде кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында (өткен жылдың 4 айындағы 57 материал) 72 материал қарастырылды, оның нәтижесі мынадай шешімдерге ие болды: ата-ана құқығынан айыру - 5, ата-ана құқықтарын шектеу - 2, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа орналастыру - 7, әлеуметтік көмек, құжаттама - 3, түсіндірме жұмыстары - 35, жұмысқа орналасуға көмек - 11», – деді әкімнің бас инспекторы Римма Иманғазинова.

Елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде. Бірақ оған қарамастан, полицияда 252 кәмелетке толмаған жас тіркелген.

«Талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмаудағы қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін алдымен бірқатар жалпы мәселелерді шешу керектігі анықталды. Бұған үйдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құзыреттілік (Ішкі істер министрлігінен басқа); ақпараттандыру, өзара ақпарат алмасу және салыстырып тексерудің айқын механизмі; мақсатты қаржыландыру; отбасылық мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын бірыңғай үйлестіру органы сияқты мәселелер жатады», – деп атап өтті Римма Иманғазинова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109