2848

Тұрғылықты жері бойынша емханаға қалай тіркелу қажет

ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарына (емханаға) азаматтар тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері, жұмысы немесе оқу орны арқылы тіркеле алатынын мәлімдейді. Пациент тіркелу үшін медициналық ұйымды (емхананы) тек мемлекеттік емханалар тізімінен ғана емес, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілі берілген көлемін орындайтын жеке медициналық ұйымдардан да таңдауға құқылы.             

Тіркелудің бірнеше тәсілдері бар:

Бірінші тәсіл: бұл үшін жеке басты куәландыратын құжатты ұсына отырып  (жеке куәлік немесе төлқұжат), емханадағы тіркеу орнына жүгіну және өз қолымен өтініш жазу  қажет.

Егер 18 жасқа дейінгі баланы тіркегеңіз келсе, емханадағы тіркеу орнында өтініш жазу, заңды өкілеттікті растайтын құжатты ұсыну, сондай-ақ, баланың жеке басын куәландыратын және оның заңды өкілінің (анасының, әкесінің, қамқоршысының) құжатын ұсыну қажет.  

Екінші тәсіл: халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, тіркелуге өтініш ұсыну. Тіркелу үшін жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс  (жеке куәлік немесе төлқұжат). (Тіркелу үшін  өңдеу мерзімі -  1 жұмыс күн).

Үшінші тәсіл:  үйден шықпай-ақ, интернет пен компьютер болған жағдайда, емханаға электронды үкіметтің порталы арқылы онлайн режимінде тіркелуге болады,    http://egov.kz сайтына өтініш жасау (Тіркелу үшін  өңдеу мерзімі -  1 жұмыс күн) қажет. Іс-қимыл тәртібі төменде көрсетілген.

Сайттың басты бетінде «Денсаулық сақтау» тарауын таңдаңыз

«Медициналық көмек» қосымшасында «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметіне басыңыз 

«Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешесіне басыңыз

 Емханаға тіркелу сұранысын жолдау үшін, *жасыл таңбамен белгіленген барлық тармақтарды толтыру қажет

Өтініш сәтті жолданғаннан кейін «Сұраныс өңделуде» мәртебесін көре аласыз.

Тіркелу емханасын алмастыру себептері:

  1. Бір әкімшілік-аймақтық бірлік шегінен (ауданнан) тыс тұрғылықты немесе уақытша тұру орнын, жұмысты немесе оқу орнын өзгерткен кезде;
  2. медициналық ұйым қайта құрылған немесе жойылған жағдайда;
  3. дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау кезінде жылына бір реттен артық емес;
  4. БМСК ұйымдарына халықты тіркеу бойынша 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жыл сайын қала емханаларында жүргізілетін Тіркеу кампаниясы өтіп жатқан кезде (бірақ жаңадан тіркелген емханаға медициналық қызмет кейінгі жылдың 1 қаңтардан бастап көрсетіледі).

Емхананы таңдаған кезде ұсынымдар

Сіз таңдаған емхана үйден, жұмыстан және т.б. жаяу жүру уақыты 15-20 минут болғаны жөн. Бұл ретте үйге қызмет керек болған жағдайда, дәрігерлерге жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық отбасымен бірге бір дәрігерге қаралу. Бұл жағдайда Дәрігер барлық отбасы мүшелерінің ауруларының сырқатнамаларын біле отырып, медициналық қызметті тиімді көрсете алады.

Қай жағдайларда бас тартылу мүмкін?

  1. Егер сіз емхана қызмет көрсететін аумақтан тыс тұрсаңыз және «Дәрігерді үйге шақырту» қызметтен бас тартпасаңыз.
  2. Егер ағымдағы жылы еркін таңдау құқығын пайдалансаңыз.

 Бұны білу маңызды:

  • Егер емханаға аумақтық қолжетімділігіңсіз тіркелген болсаңыз, «Дәрігерді үйге шақырту» қызметінің мүмкіндігін алдын-ала талқылау қажет (өтініш берге кезде);
  • 18 жасқа толмаған балаларды тіркеген кезде, баланың жеке басын куәландыратын және ата-ананың (заңды өкілдің) құжатын ұсыну қажет (бұл ретте өтінішті ата-ананың бірі жазады);
  • Шетел азаматтардың тіркелуі, көші-қон полиция берген, тұруға ықтиярхатымен жеке басын куәландыратын құжат болған кезде ғана іске асырылады).

 

Бүгінгі таңда қалалық Call – орталығы қызмет етеді. 109 телефон нөмірі арқылы немесе электронды үкіметтің  http://egov.kz сайты арқылы азаматтың емханаға тіркелгені жөнінде кез келген ақпаратты алуға болады.

Азаматтарды тіркеу бойынша барлық қалған сұрақтар бойынша өңірлік емханадағы тіркеу орнынан біле аласыз.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109