3434

«Емдеуге жатқызу бюросы» арқылы жоспарлы емдеуге жатқызу тәртібі

ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы  ақпараттандырады. Адамда созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік көмекті талап етпейтін өмірге қауіпті жағдайлар анықталған кезде, дәрігер белгілер болған жағдайда жоспарлы түрде пациентті стационарға жібереді. Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілін беретін көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу емхананың дәрігері емдеуге жатқызуға пациент жолдамасының тіркеуі жүргізіледі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы іске асырылады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында ТМККК шегінде жоспарлы тәртіпте стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдары:

Қалалық стационарлар:

  • ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК
  • ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК
  • ШЖҚ «№2 перинаталды орталық»
  • ШЖҚ «№3 перинаталды орталық»
  • ШЖҚ «№1 қалалық балалар ауруханасы» МКК
  • ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК
  • ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК

Қалалық мамандырылған стационарлары:

  • ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК
  • ШЖҚ «Дерматология және жыныс қатынасы ауруларн алдын ала емдеу орталығы» МКК
  • ШЖҚ «Наркология және психотерапия орталығы» МКК
  • ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК
  • ШЖҚ «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханссы» МКК
  • «Туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК

Жеке стационары:

  • «Орталық темір жол ауруханасы» ЖШС
  • «Мейірім» көпбейінді медициналық орталығы» ЖШС
  • «МОД и Компания» ЖШС
  • «Медстатус Групп» ЖШС
  • «Клиника Аланда» ЖШС
  • «Премиум-Мед» ЖШС
  • «B.B.NURA» ЖШС
  • «Астана Эколайф» ЖШС
  • «Экомед Плюс» ЖШС
  • «Green Clinic» ЖШС.

Сонымен қатар,  8 республикалық клиникалар жоспарлы тәртіпте  стационарлық емдеу қызметін көрсетеді.  Жоспарлы емдеуге жатқызылуы үшін «ЕЖБ» порталы арқылы жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларды тіркеу үшін пациент келесі рәсімдерден өту қажет:

Тіркелген жері бойынша емханадағы емдейтін дәрігерге жүгіну;

Жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде, емхананың дәрігері клиникалық-диагносткалық (зертханалық, инструменталды және функционалды) зерттеулерді, диагнозға сәйкесті бейінді мамандардың  консультацияларын өткізеді;

Бұдан кейін Пациент, стационардың еркін таңдауын және ұсынылған стационарлардың баламалы нұсқаларын ескере отрыпы, дәрігермен стационарды таңдайды. Осыдан кейін дәрігер жолдаманы «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркейді;

Жолдама ЕЖБ порталына тіркелгеннен кейін, пациент емдеуге жатқызылған күнге дейін емдейтін дәрігерде үзіліссіз қадағалауды жалғастыруды міндетті;

Пацитенттің республикалық және қалалық клиникаларында аса қымбат жоғары технологиялы медициналық қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) алуы қажет болған кезде, емхананың дәрігері «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ  жаныдағы ЖТМҚ комиссия қарауына қажетті құжаттарды жолдайды.

Комиссияның оң шешілімінен кейін «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ маманы порталда жолдаманы тіркейді, одан кейін емдеуге жатқызу күні көрсетілген жолдаманы  емханаға тапсырады.

 

Пациент жолдамада көрсетілген мерзімде емдеуге жатқызу үшін келу тиіс, өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:

  • емдеуге жатқызу жолдамасы;
  • пациенттің жеке басың куәландыратын құжат;
  • барлық талдамалармен амбулаторлық картадан үзінді, талдамалар нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күнтізбелік күннен астпау тиіс (қанның жалпы талдамасы, несіптің жалпы талдамасы, биохимиялық талдама, бактериалды егу).

Тексеріп бақылаудың тізімі толық болмаған кезде, стационар пациентті жоспарлы емдеуге жатқызуға бас тартуға құқылы. Дәлелді себеппен белгіленген күні жоспарлы емдеуге жатқызуға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, пациент емханадағы емдейтін дәрігерді хабарландырады және стационар емдеуге жатқызу күнді кем дегенде бір тәулікке алмастырады. Пациент стационарға келмеген жағдайда, порталдағы күту парағынан жолдама алынып тасталады.

Жоспарлы емдеуге жатқызу мәселелері бойынша елорда тұрғындары мен қонақтар өңірлік емханаға жүгіне алады.

Жоспарлы емдеуге жатқызуды  үйден шықпай-ақ кезекті қалай қадағалауға болады?

Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама алынған кезде пациент  үйден шықпай-ақ өз кезегін ЖСН нөрімі немесе «жолдаманың бірегей коды» (стационарға жолданған кезде емханадағы дәрігермен берілеті) арқылы қадағалай алады. Бұл үшін www.bg.eisz.kz  сайтына кіру және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталын қонақ ретінде қарау қажет. Содан кейін суретте көрсетілгендей, «Өңірлік және республикалық клиникалар бойынша күту парағы» қосымшасына кіру қажет.

 

 Барлық қажетті жолдарды толтыру және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталының жолдаманы іздеу үшін күту парағында қанатшаны басу

«Емдеуге жатқызу бюросы» порталында жоспарлы емдеуді күтіп жатқандардың қолайлығы үшін «СМС-хабарландыру» қызметі іске асырылған. Бұл хабарландыру келесіні хабарландырады:

  • емдеуге жатқызудың жоспарланатын күнін белгіленуі туралы;
  • емдеуге жатқызу күннің жақындағаны туралы (10 күн, 1 күн);
  • жоспарлы емдеуге жатқызу күннің өзгертілгені туралы;
  • жолдаманың күту парағынан алып тасталғаны туралы.

Көрсетілген қызметті іске қосу үшін www.egov.kz  порталында  «жеке кабинетті» жасау қажет. Жеке кабинет жасалған кезде қиыншылықтар туындаған кезде 1414 нөрім арқылы Бірыңғай байланыс-орталығына қоғырау шалып, жағдайда түсіндіру қажет. Жеке кабиент жасалғаннан кейін, сызбада көрсетілгендей, СМС-хабарландыруды іске қосу қажет:

1-қадам. «Egov» жеке кабинетке кіріңіз

2-қадам. Икемдеу қосымшасын таңдаңыз

 3-қадам. «SMS-хабарландыруды» іске қосыңыз

 

 

4-қадам. «Денсаулық сақтау» тарауының «Жоспарлы емдеуге жатқызу күнді белгілеу» тармағында «SMS-хабарландыру» үшін қанатшамен белгілеңіз. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109