3664

Елорданың сайлау учаскелері сайлауға дайын

Елордада ҚР Президентінің сайлауына белсенді дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы қалада 303 сайлау учаскесі тіркелген.

Оның ішінде ашық алаңдар - 204 (оқу орындары - 133, мәдениет мекемелері - 13, жоғары оқу орындары мен колледждер - 33, спорт мекемелері - 3, денсаулық сақтау мекемелері - 4, басқалары - 18). Жабық алаңдар - 34 (денсаулық сақтау мекемелері - 27, әскери бөлімдер - 4, қамауда ұстау - 3).

Әрбір ашық сайлау учаскесінде 4 стандартты дауыс беру кабиналары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған 1 кабина орнатылады.

Жабық сайлау учаскелері екі стандартты кабинамен жабдықталады. Қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кабиналар орнатылады.

Әрбір сайлау учаскесінде: кандидаттар үшін, сайлау учаскесінде мінез-құлық ережелері, ақпараттық бюллетень, халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ үшін ақпараттық стенд ілінеді.

Барлық сайлау учаскелеріне телефон, интернет және жылжымалы ХҚКО үшін жеке желі жүргізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы аяқтаып, тиісті сайлау комиссияларының актілеріне берілді. Әр сайлау учаскесі ҚР ОСК-сы бекіткен талаптарға сәйкес жабдықталады.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109