1604

Елордалық пара-каратэшілер 16 медаль еншіледі

Елордада пара-каратэ бойынша халықаралық «Nur-Sultan Open 2019» инклюзивті турнирінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Додаға Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 500-ге жуық спортшы қатысты. Елордалық команда сапында барлық мүгедектік түрі бойынша әртүрлі жастағы пара-каратэшілер күш сынасты. Ережеге сәйкес, жекпе-жектерге тек денсаулығы бойынша шектеу қойылмаған қатысушылар ғана жіберілді.

Шараны ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, WKF каратэ-до және дәстүрлі жауынгерлік өнер федерациясы мен «Асыл Бала» қауымдастығы. Турнирге пара-каратэден Әлем чемпионы, РФ Балалар құқығы жөніндегі қоғамдық палатасының мүшесі, протезбен 42 шақырым жүгірген марафоншы Сергей Бурлаков қонақ ретінде шақырылды. Танымал спортшы өз өнерін көрсетіп, елордалық мүгедектігі бар балаларға арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Әсия Тұрсыноваға «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлықты табыстады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109