3108

Нұр-Сұлтан колледждерінің үздік оқытушылары анықталды

Елордада техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмыс істейтін мұғалімдер арасында республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан  әкімдігінің ресми сайты.

Байқауды өткізудің мақсаты – шығармашылыққа бейім, интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты педагогтарды анықтау.

Іріктеу кезеңдерінің негізінде жақсы нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы «Менің педагогикалық ұстанымым» атты өзін-өзі таныстыру сайысында бақ таластырды.

Байқау қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжінің оқытушысы Сәулем Қожабергенова бас жүлдені қанжығасына байлады. Бірінші орынды экономика, технология және тамақ өнімдерін стандарттау колледжінің оқытушысы Гүлден Байғабылова, екінші орынды - Көлік және коммуникация колледжінің бұрынғы оқытушысы Екатерина Тарасова алды. Үшінші орын көпсалалы колледж оқытушысы Антонина Хижинскаяға бұйырды.

Сонымен қатар, «Зерттеуші педагог» аталымы бойынша технологиялық колледжінің оқытушысы Ұлжан Теміртанова, «Жаңашыл педагог» атылымында құрылыс және техникалық колледжінің оқытушысы Алмас Әбдіреимов, «Әдіскер педагог» аталымы бойынша политехникалық колледждің оқытушысы Самал Мухаммедия және «Эрудит педагог» аталымында техникалық колледждің оқытушысы Адият Имамбаев жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдарымен, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттарымен, педагогтардың «Әділет» қалалық кәсіподағынан ақшалай сыйақымен және сыйлықтармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109