4403

«Аспан» ТК құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Елордада Р.Қошқарбаев даңғылы, 68 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Аспан» көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) бақылауында 62 проблемалы нысан болды. ВАК жұмысының қорытындысы бойынша тұрақты бақылауға мұқтаж проблемалық объектілердің саны 28-ге дейін қысқарды.

Сонымен қатар, ВАК бақылауында бұрын проблемалы объектілерге жатқызылған 23 нысан қалып отыр. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері  бойынша, ТҚК жөнінде жобалау және құрылыс механизмдері дайындалып,  бүгінгі таңда үлескерлер құрылыс жұмыстарымен дербес айналысуда.

Сондай-ақ, 23 нысанның 10-ы қоныстандырылып, олар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы қалпына келтіру және нысандарды пайдалануға беру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының жұмыс қорытындысы бойынша, 7 блоктан 13 қабаттан тұратын, бизнес-орталығы және паркингі бар «Аспан» КТК пайдалануға берілді. ВАК ұсынысымен мұнда «Аспанды үй» тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, жақын арада барлық 604 үлескер пәтер құжаттарына ие болады.

Маусым айының соңына дейін тағы 3 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109