8574

«Астана су арнасы» қызметкерлерінің қаза болуына орай тергеу амалдары басталды

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мерт болғандардың отбасыларына барынша көмек көрсетуді және төтенше жағдайды жете тергеуді тапсырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін, 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиғаның салдарынан «Астана су арнасы» мекемесінің 4 қызметкері қаза болды.

«Өз атымнан және әкімдік атынан көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. 
Қала әкімдігі қаза болған қызметкерлердің отбасыларына тиісті көмек көрсететін болады. Тиісті қызметтерге тергеу амалдарын жете жүргізіп, аталмыш қайғылы оқиғаның орын алуының себептерін анықтауды тапсырдым», – деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, қалалық №1 ауруханаға метаннан улану белгілерімен тағы да бір азамат жатқызылды.

«Зардап шегушіні ауруханаға жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Ол өз есін біледі. Пациентте бас ауруы және жөтел бар. Ол күкіртті сутектен (метаннан) орташа деңгейде улану диагнозымен  токсикология бөліміне жатқызылды. Қайғылы жағдай өндіріске алынды», – деп мәлімдеді ауруханада.

Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап жатыр.                     

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109