3579

Дәрігерлер рецептсіз дәрі-дәрмектерді сатып алмауға кеңес береді

Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033 рецепт бойынша, 1 759 рецептсіз босатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлер дәріні, оның ішінде бактерияға қарсы препараттарды албаты қабылдай беру жүрек және жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкіндігі туралы ескертеді. Әсіресе қорқыныштысы - дәрілік затқа төзімділік, яғни микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға қарсы иммунитеті.

«Бүгінгі күні пенициллин, стрептомицин, канамицин сияқты антибиотиктер іс жүзінде қолданылмайды, себебі микроорганизм осы препараттарға үйреніп алған. Фармацевтикалық компаниялар үнемі жаңа дәрілер ойлап табуға жұмыс жасайды. Бұл жағдайпациенттер тарапынан антибиотиктерді бей-берекет қабылдауға байланысты жүріп жатыр. Оларды түрлі жағдайда, тұмауға қарсы - вирустық инфекция кезінде де қабылдайды. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді, ол бактерияға әсер етеді. Ол вирустық инфекция немесе басқа ма тек дәрігер ғана анықтай алады. Мен барлық адамдарды денсаулықтары нашарласа тек дәрігердің қабылдауына баруға кеңес беремін», деді №9 қалалық емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлова қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмек босату мәселесіне арналған брифингте.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Денсаулық сақтау министрлігінің дәріхана комитетінің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Ералы Нұрғазиннің айтуынша, фармацевтке рецептсіз дәрі-дәрмек босатқаны үшін 70-ден 100 АЕК, ал дәріханаларға - 130-дан 1000-ға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033 рецепт бойынша, 1759 рецептсіз босатылады. Оларға витаминдер, мұрын тамшылары, сироптар, шөп шайлары кіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109