3736

Елордалық полиция құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес әдістерін өзгертуде

Бұдан былай тәртіп сақшылары азаматтарды қабылдап, жергілікті жерлерде проблемалық мәселелерді талқылайтын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ ПИК төрағаларымен және жеке күзет ведомстволарымен абаттандыру ережелерін сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің жаңа әдістерін әзірлеп, тәсілдерін өзгерту қажет. Полицияның ПИК-пен және күзет ұйымдарымен өзара іс-қимылы елордада қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ абаттандыру ережелерін сақтау үшін қосымша ресурстар жасайды», – деді кездесуде елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов.

Өз кезегінде жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакин жұртшылықты қаладағы қылмыстық жағдаймен таныстырып, жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының арқасында қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың саны 18%-ға төмендегенін атап өтті. Мүлікті ұрлау халықтың қалың жігінің мүддесін қозғайтын болғандықтан, ол қылмыстың осы түрінің алдын алу бойынша бірлескен ауқымды жұмыс жүргізу қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, қатысушылар өз сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды.

«Учаскелік полиция инспекторларының жұмысына наразылықтар айтылып, жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына байланысты, аулаларда бейнебақылау камераларын орнату және жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінде.

Кездесу қорытындысы бойынша, апта сайын учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, азаматтарды қабылдау және жергілікті жерлерде ПИК-те проблемалық мәселелерді талқылау, ай сайын ЖП және аумақтық бөлімшелердің басшылары ПИК және жеке күзет ведомстволарының өкілдерімен кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, азаматтар астаналық полиция басшысына тікелей хабарласып, департаменттің ресми сайтындағы жеке блогы арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілерде инстраграм, (@police_nur_sultan), фейсбук (Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті), вконтакте, твиттер беттері арқылы байланысқа шыға алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109