7204

Елордалық саябақтарда жексенбілік жаттығулар өтеді

26 мамырда елордада ашық аспан астында өтетін «Fitness Park Nur-Sultan» апта сайынғы жексенбілік жаттығулары қайта ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

 Биыл әкімдік барлық елорда тұрғындарына арналған тегін спорттық жаттығуларды «Астаналық», «Ботаникалық бақ», «Жерұйық» және «Жетісу» сияқты төрт саябақта өткізеді. Кәсіпқой мамандар жетекшілік еткен жаппай жаттығулар сағат 10:00-12:00 аралығында өтеді.

Алғашқы сабақ алдымен Астаналық саябақта өтеді, ал қалған саябақтар шараға 2 маусымда қосылады. Жексенбілік жаттығулар тамыз айының соңына дейін жалғасады.

«Жазда «Fitness Park Nur-Sultan» тегін спорт жаттығулары төртінші жыл қатарынан өткізілмек. Ол үшін жыл сайын кеңінен танымал спорт түрлері таңдалады. Биылғы жаттығулар мынадай спорт түрлерінен өтеді: CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, үстел ойындары (дойбы, шахмат) және топтық жүгіру», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт бсқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Дәстүр бойынша «Fitness Park Nur-Sultan» ауқымды жаттығулары Астаналық саябақта өткізіледі. «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында жаппай спорттық шаралар СrossFit, джиу-джитсу және Zumba, Ботаникалық бақта - СrossFit, джиу-джитсу, Zumba және топтық жүгіру бағыттары бойынша өткізіледі.

Сонымен қатар, 20 мамырда, елордалық саябақтарда балалар ойын-сауық бағдарламасы бастау алды.

«Саябақтың 7 ғажайыбы» үш жылдан бері кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап келеді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлардың қатысуымен өткізілетін шоу «Астаналық», «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында күніне екі рет өткізіледі.

«Саябақтың 7 ғажайыбы» шоу-бағдарламасының кестесі Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының @madeniet_sport.nursultan Instagram аккаунтында жарияланады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109