7127

Нұр-Сұлтанда «Алтын белгіден» 324 мектеп түлегі үмітті

Құрмет белгісіне үміткерлердің басым көпшілігі – №1 мектеп пен физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінің түлектері, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша қаладағы түлектердің саны 6 274 адамды құрайды.

ҰБТ-ға қатысуға 5 791 түлек (93,3%) өтініш білдірді. Олардың 3711-і сынақты қазақ тілінде, 2068-і орыс тілінде және 12-і ағылшын тілінде тапсырады.

Осы жылы «Алтын белгіге» 324, ал ерекше үлгідегі аттестатқа 352 адам үміткер. 2017-2018 оқу жылында «Алтын белгіге» 301 адам, үздік аттестатқа 322 адам ие болды.

«Түлектердің ең көбі №54 мектепте – 151 түлек, одан кейін  №75 мектепте – 143 түлек оқу бітіреді. «Алтын белгіге» үміткерлердің басым көпшілігі №1 мектеп және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде – 16 оқушыдан, №48 мектепте – 13 оқушы, одан кейін  №69, №62 мектептер мен Нұр-Ордада – 11 оқушыдан, №61 мектеп пен дарынды қыздарға арналған БИЛ-де – 9 үміткерден», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасында.

Ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер: физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде – 30 түлек, қыздарға арналған БИЛ – 21 түлек, Нұр-Ордада – 20, ұлдарға арналған БИЛ – 19,   № 51 мектеп пен  Назарбаев Интеллектуалдық мектебінде (халықаралық бакалавриат) – 12 оқушыдан,   № 1, 17, 56, 66 мектептерде – 11 оқушыдан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109