2985

Астаналықтар үшін газбен жабдықтау қызметін шақыру тегін болады

Осы уақытқа дейін 104 апаттық қызметін шақырғанда қала тұрғындары 5 мың теңге төлеген болатын, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан әкімдігінде қаладағы қоршаған орта сапасы және бақылау басқармасы мен «АстанаГазКызмет» ЖШС және «Бәйтерек» ПИК ассоциациясы арасында газ тарату жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар сұйытылған газды орталықтандырылған түрде жеткізумен байланысты көппәтерлі тұрғын үйлердегі газды таратушы жүйелердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі керек.

Келісім аясында «АстанаГазКызмет» ЖШС үйдегі газ желілерін компания балансына беру сәтінен бастап міндеттемелерді өзіне қабылдауды және 104-шұғыл телефон желісі арқылы газ қызметі бойынша қала тұрғындарының өтініштеріне тәулік бойы ақысыз қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін тұрғындар осы қызмет үшін 5 мың теңге төлеген болатын.

Бұдан бөлек, «АстанаГазКызметі» қаланың барлық көппәтерлі тұрғын үйлеріне кіретін газ тарату жүйелеріне қызмет етеді, қажет болған жағдайда кіреберіс газ құбырларының крандарын ауыстыруды жүзеге асырады.

«Бір компания ұсынатын келісімде барлық үш тараптың бірлескен және келісілген әрекеттерін жинақтап жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көппәтерлі үйлердің немесе пәтерлердің (пәтерлердің) меншік иелерімен, басшы органдарымен жеке келісімшарттар жасау арқылы газ тарату жүйелерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған», – деп жазылған үшжақты келісімнің мәтінінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109