4446

«Жұлдызай» байқауының гала-концертінде 255 бала өнер көрсетеді

Халықаралық балаларды қорғау күні XIV Халықаралық «Жұлдызай» ерекше қажеттіліктері бар  балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль 10 ақпанда басталып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Биыл шығармашылық байқауға қатысуға 7 758 өтінім түсті. Екінші халықаралық кезең 26-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Оған 255 бала қатысады, гала-концерт бағдарламасына ең жарқын нөмірлер енгізіледі. Сонымен қатар, Халықаралық фестивальде эстрада жұлдыздары Тамара Асар, Amre, Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Әбілдина және Ержан Максим өнер көрсетеді деп күтілуде.

«Жұлдызай» фестивалі Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушы – «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры.

Егер алғашқы жылы оған 76 бала қатысса, биыл 7 750 адам ниет білдірген.

Биыл жинақталған тәжірибе мен инклюзивті жобаға деген қызығушылықты ескере отырып, ол халықаралық мәртебеге ие болды.

«Қатысуға өтінім берген елдер арасында Грузия, Беларусь, Түркия, Ресей және Франция бар», – деп атап өтті «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының ұйымдастырушылары.

Концерт 1 маусымда сағат 12:00-де «Барыс Аренаның» кіші мұз айдынында өтеді.         

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109