761

Сурдоаудармашылар есту қабілеті бұзылған азаматтарға дауыс беруге көмектеседі

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беру үшін жағдай жасалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады: автотұрақ, таяныштар мен пандустар, кең есіктердің болуы, лифтілер, тактильді көрсеткіштер, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар орнатылады.

Елордада 25719 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде мүгедектігі бар 19504 адам дауыс беру құқығына ие.

«Қазіргі таңда қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сайлау учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстары мен сайлау учаскелерін тексеру жүргізілуде. Қаладағы барлық учаскелер пандустармен жабдықталған, қалған учаскелерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсететін еріктілер жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде арнайы сайлау кабиналары орнатылған»,- деді ұйымдастыру штабының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Илья Скуб.

Сайлау учаскелерінде көру мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қосымша жарықтандыру, оптикалық құрылғылар сондай-ақ аудиоформаттағы жадынама орнатылады.

Естімейтін мүгедектігі бар азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 29 сурдоаудармашы онлайн режимде көмек көрсетуі қарастырылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. Қалада 238 сайлау учаскесі тіркелген, оның ішінде 204 – ашық, 34 – жабық учаскелер, сондай-ақ ҚР шет елдердегі өкілдіктері жанында 65 учаске бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109