6091

Нұр-сұлтанда «Сүндет-2019» акциясы жарияланды

Елордалық ауруханалар мен емханаларда балаларды ақысыз түрде сүндеттеу бойынша «Сүндет-2019» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Дәстүрлі түрде медициналық ұйымдарда аталмыш қызмет түрі ақылы негізде көрсетіледі, оның құны орта есеппен 25 мың теңгені құрайды. Акцияны ұйымдастырушылардың пікірінше, ол көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек болмақ.

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаланың  4 ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «циркумцизия» (сүндеттеу) бойынша тегін медициналық қызмет көрсету үшін 4 медициналық ұйым белгіледі.

Барлық медициналық ұйымдарда емшара жүргізу үшін 2-ден 5-ке дейін операция жасау қарастырылған, кесуді жүргізу үшін хирургтар мен урологтар бригадалары ұйымдастырылған. Әрбір медициналық мекемеде операцияны бір уақытта бес хирург жүргізетін болады.

Операциялар ағымдағы жылдың 7-8 маусымында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, операция жүргізуден бөлек балаларға естелік сыйлықтар дайындалған.

«Сүндет-2019» акциясына қатысу үшін өтінімдерді аудандық әкімдіктер 2019 жылдың 31 мамырынан 6 маусымына дейін қабылдайды.

Өтінімді беру және тізімге енгізу үшін келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 36-11-26 ("Алматы" ауданы), 55-73-77 ("Байқоңыр" ауданы), 55-72-93 ("Есіл" ауданы), 55-74-79 ("Сарыарқа"ауданы).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109