6440

Елордада мемлекеттік рәміздер күні 40-тан астам іс-шара өтеді

4 маусым күні астанада Мемлекеттік рәміздері күні атап өтіледі. Мереке құрметіне мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, қала алаңдарында 40-тан астам тақырыптық, мәдени іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

4 маусым күні Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс күні Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталады. 

Бұл күні мектептер мен колледждерде фото-конкурстар, кездесулер, викториналар ұйымдастырылып, патриотизм, еліміздің мемлекеттік рәміздерін білудің маңыздылығы және оның біздің мемлекетіміздің тарихындағы маңыздылығы туралы айтылады.

Сәкен Сейфуллин мұражай мен Тәуелсіздік сарайында тақырыптық көрмелер өтеді. Қаланың барлық кітапханаларында әдеби кештер өткізу жоспарланған.

Сол сияқты 4 маусым күні мемлекеттік рәміздерге арналған концерттер, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», семинарлар ұйымдастырылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Осы Заң негізінде жылда 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі, оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109