1395

Елордада мамандар цифрлық сауаттылық курстарын өткізеді

Нұр-Сұлтанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру үшін арнайы іріктелген жаттықтырушыларды дайындықтан өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы жылдың 31 мамырында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ базасында «Зерде», «Қазпошта» және «ҰАТ» акционерлік қоғамдарының өкілдерінің қатысуымен халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету үшін іріктелген Нұр-Сұлтан қаласының жаттықтырушыларын оқыту өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым мен 31 шілде аралығында елордалық 20 мектептің базасында (әрбір ауданда 5-еуден) 5 бағыт бойынша цифрлық сауаттылық курстары өткізіледі.

  1. Базалық сандық дағдылар (жеке компьютер туралы негізгі мәліметтер, Интернет желісінде жұмыс істеу, Microsoft Office кеңселік пакеті);
  2. Open Gov дағдылары (көру, пікір білдіру, ашық деректер жиынтығы, НҚА жобалары, бюджеттік бағдарламалар, бірінші басшылардың блогына өтініш жолдау, конференцияларға, сауалнамаларға қатысу, шағым беру, жазылу және хабарлама алу);
  3. E-commerce дағдылары (тауарларды, қызметтерді онлайн сатып алу, тауарларды, қызметтерді онлайн сату, тауарларды, қызметтерді онлайн жылжыту, telegram bot пайдалану)
  4. E-gov дағдылары (мемлекеттік қызметтерді, лицензияларды алыстан алу);
  5. Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары (дербес деректерді қорғау, ДК (дербес компьютер), планшетті, смартфондарды қорғау, Интернет желісінде қорғау, қаржылық операцияларды жүргізу кезінде қорғау).

Оқудан өтуге ниет білдірушілер көрсетілген нөмірлердің біріне қоңырау шалып жазылу керек: : 55-67-12, 57-88-98, 57-88-97. Ал телефон бойынша жазылу жұмыс күндері 08:30-18:00 аралығында жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109