3344

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Нұр-Сұлтан әкімі көпбалалы аналарды қабылдады

Елорданың әкімі Бақыт Сұлтанов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік қорғау министрлігінде көпбалалы аналардың жеке қабылдауын бастады. Әкіммен бірге қабылдауға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Үкімет үйінің жанына жиналған 70-ке жуық әйел Мемлекет басшысымен кездесуді талап етті. Олардың басты бұйымтайлары баспанамен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, көп балалы аналар тұрғын үй сатып алу кезіндегі 10 пайыздық алғашқы жарнаны алып тастау, 2% құрайтын жылдық ипотеканы жою және пәтерді жалдамалы түрде емес, бірден жекешелендіру мүмкіндігін беруді сұрады.

Аналардың өтінішіне келсек, оларға бұған дейін де жылдам баспаналы болу мүмкіндігі қарастырылған «Баспана» бағдарламасының мән-жайы толық түсіндірілген болатын.

Сондай-ақ, қала әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы тұрғын үй мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

«Биыл кезекте тұрған астаналықтарға 900 пәтердің кілті табыс етілетін болады (Өткен жылы 182 пәтер). Жыл санап берілетін пәтерлердің санын артыруға тырысамыз. Дегенмен менің де қала басшысы ретінде заңмен шектелетін құқықтарым мен міндеттерім бар. Бәріміз бір заңға бағынамыз. Сонымен қатар, баспана сұрағын шешу мақсатында демеушілерді іздеп, жұмыс істеудеміз», - деді Б.Сұлтанов.

Тағы бір айта кететін жайт, жиналған әйелдердің көбісі бұған дейін әкім және министрдің жеке қабылдауында болған. Және олар үшін  әкімдік пен министрлік тарапынан көрсетілетін қолдау мен мүмкіндіктердің барлығы арнайы кездесу өткізіліп түсіндірілген болатын.

Айта кетсек,  биыл қала әкімдігі көп балалы аналарды қолдауға арналған 13 әлеуметтік шараны әзірледі. Оның ішінде аталған әлеуметтік топ өкілдеріне коммуналдық қызметтің бағасын төмендетуден бастап, көп балалы отбасыларының балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне қоғамдық көлікте тегін жүрі мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, 1-11 сыныптарда оқитын көпбалалы отбасылардың балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады. Осы санаттағы 32 мың балаға 971 млн теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалар үшін арнайы сауықтыру демалысы ұйымдастырылады (10 мың балаға 500 млн теңге бөлінеді). Және осы санаттағы отбасы балалары мектеп формасымен және қажетті оқу құралдарымен тегін қамтамасыз етіледі (32 мың балаға 638 млн теңге бөлінеді).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109