1839

Нұр-Сұлтанда еліміздің Әнұраны жаппай орындалды

Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны жаппай орындалды. Еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай өткен іс-шараға шамамен 600-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің Мемлекеттік рәміздері күні Қазақстанда 4 маусым күні атап өтіледі. Іс-шараға Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, елорда әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары қатысты.

Өз кезегінде Жандарбек Мәлібеков тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуттары ретінде Мемлекеттік рәміздерді сақтау мен ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, елордада Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұранның құрметіне 40-тан аса тақырыптық іс-шара өтеді: концерттер, дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және т.б.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109