3274

Қазақстанда «Jasyl Jol» электромобильдердің алғашқы автошеруі Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні басталады

5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні елордадан  электромобильдер жолға шығып, «Нұр-Сұлтан – Бурабай – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша 540 км қашықтықты жүріп өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Электромобильдердің «Jasyl Jol» алғашқы автошеруін Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы өткізеді.

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда қоғамдық көлікті экологиялық таза отын түрлеріне көшіру үшін жағдай жасау, электромобильдерді енгізу және олар үшін тиісті инфрақұрылым құру маңызды екенін атап өтті.

Электромобильдердің автошеруі басталар алдында дөңгелек үстел өтеді, оған Қазақстанда электр көлігінің инфрақұрылымын дамыту және насихаттау мәселелерін талқылау үшін министрліктердің, бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. 

Іс-шараға қатысушылар: ХЖТИЖО басшысы Рәпіл Жошыбаев, Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов, Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов, ҚР БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш, ҚР-дағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсон, ЕҚЫҰ Кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев, Атамекен"ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.

10:00 - Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының кеңсесінде «Қазақстан Республикасында көліктің балама түрлерін ілгерілету – шығарындыларды азайтуға және орнықты қалаларды дамытуға қосар үлес» атты дөңгелек үстелдің басталуы (С1.4 павильоны).

11:30 – баспасөз өкілдерімен сұхбаттасуға белгіленген уақыт

12: 00 - Электробильдердің «Jasyl Jol» автошеруінің басталуы.

Қатысамын деушілерге арнап жазғы амфитеатрдың алдындағы алаңда 10:00-ден 12:00-ге дейін электромобильдер көрмесі өтеді («Астана» концерт залы).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109