752

Бақыт Сұлтанов Бельгия делегациясымен кездесті

Бельгияның ресми делегациясымен кездескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, бельгиялық және астаналық бизнестің өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бельгиялық делегацияны қарсы алған Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтанды дамытудың басты бағыттары туралы әңгімеледі.

«Бүгін біз қаланың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеудің белсенді кезеңінде тұрмыз. Негізгі бағыттар инвестицияларды тартуға, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, бизнес-туризмді, сандық технологияларды, IT-стартаптарды дамытуға бағытталады», - деді қала әкімі.

Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтанның бельгиялық бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексис де Кромбрюгхе де Пикендаль делегация құрамында қазақстандық бизнеспен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отырған 20-дан астам бельгиялық компания бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде экспорт және инвестициялар жөніндегі Валлон агенттігінің (AWEX) және WBI агенттігінің бас директоры Паскаль Делькомминет делегация құрамындағы компаниялар Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін салаларда жұмыс істейтінін жеткізді. «Олардың арасында денсаулық сақтау, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік жабдықтар, ағын суларды қайта өңдеу салалары бар. Миссия экспортты болып есептеледі. Бельгиялық компаниялар Қазақстандағы іскер серіктестерді іздеуге қызығып отыр», - деді ол.

Кездесу барысында Бельгия Корольдігінің консулы Деннис Ван ден Вейк елордаға құрметті консулдардың халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Бізде олардың алдында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ашу мүмкіндігі болады. Іс-шара бағдарламасы аясында қонақтар «Астана» халықаралық қаржы орталығына барады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік құрметті консулдар бірлестігінің президенті өзінің қатысуын растады. Форумға қатысушылардың туристік бағдарламалары болғанын қалаймын, олар алыстан ұшып келеді, бірнеше күн елордада болады», - деп атап өткен Денис Ван ден Вейк қала билігі тарапынан конференцияға қолдау көрсетуге үміт білдірді.

Бақыт Сұлтанов іс-шараны қолдауға дайын екендігін айтып, бизнесті құру мен дамытудың және қалаға үздік технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің қала бірегей. Оның климаттық жағдайы оңай емес. Сондықтан біз қалалық шешімдерге қатысты жаңа технологияларды дамытуға мұқтажбыз», - деп түйіндеді қала әкімі.

Анықтама үшін:

Қазақстаннан Бельгияға түсті металдар, жүн, тоқыма және тоқыма бұйымдары, жай металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық және онымен аралас өнеркәсіп салаларының өнімдері экспортталады.

Қазақстан машиналар мен жабдықтарды, механизмдерді, электротехникалық жабдықтарды, минералдық өнімдерді, оптикалық, фотографиялық және басқа да аспаптарды, тоқыма бұйымдарын, тамақ өнеркәсібі өнімдерін, темекіні, химия және онымен аралас өнеркәсіп салаларының өнімдерін импорттайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 35-ке жуық компания тіркелген.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109