5140

Концерттер, жұлдыздармен селфи, джиу-джитсу: сайлау күнгі мерекелік іс-шаралар

Сайлау күні Нұр-Сұлтанда қала тұрғындары үшін түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді, нақтырақ айтқанда концерттер, танымал актерлердің қатысуымен бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Астана» концерт залының алдындағы алаңда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Нұр-Сұлтан мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің концерті өтеді.

«Жастар» театры ғимаратының алдында сағат 11.00-де танымал актерлердің қатысуымен қызықты мәдени бағдарлама өтеді.

Сайлау учаскелерінде «Жұлдыздармен селфи» акциясы өтеді. Сайлаушылар «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің қатысушылармен және танымал спортшылармен суретке түсе алады. Акцияға боксер Данияр Елеусинов және актер Тұрсынбек Қабатов қатысады. Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева секілді эстрада жұлдыздарының қолтаңбаларын алуға болады.

Сағат 10:00-де Ботаникалық бақ, қалалық, «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында «Fitness Park Nur-Sultan» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді. Олардың арасында CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу спорты және танымал Zumba биі бар.

8 және 9 маусымда «Қазақстан» спорт кешенінің жанында, Сауран көшесіндегі 7А және 5 үйлер арасындағы алаңда, сондай-ақ Қосшығұлұлы көшесі, 14 және 189, 5 мекенжайлары бойынша ауыл шаруашылығының жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге елорданың, Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысы Целиноград ауданының, Қостанай облысы Арқалық қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109